БҚО мектептерінде 45 мұғалім жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО мектептерінде 45 мұғалім жетіспейді

14.08.2019

Негізінен орыс тіліндегі бастауыш сынып және математика, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері тапшы. Бұл мәселені жаңа оқу жылына дейін жас мамандарды қабылдау, болмаса бар мұғалімдердің жүктемесін арттыру арқылы шешу көзделген.

Жалпы, өңірде 379 мектеп бар. Солардың жетеуі апатты жағдайда. Қаладағы 5 мектепте сабақ үш ауысыммен оқытылады. Түйіткілді мәселелерді шешу үшін жаңа білім ошақтары салынуы тиіс.

Зәуре Ғұмарова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

2019 жылы республикалық бюджеттен 3 мектептің құрылысын бастау үшін тиісті қаражат бөлінді. Олар: Ақжайық ауданы орталығындағы 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп, Қазталов ауданында 600 орындық мектеп және Орал қаласында №51 мектептің құрылысы.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу