Балабақша мәселесі оң шешімін тауып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша мәселесі оң шешімін тауып келеді

22.07.2019

Балабақша мәселесі Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде оң шешіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев айтты. Соңғы 4 жылда елдегі мектепке дейінгі мекемелердің қажеттілігі мемлекет пен бизнестің келісімге келуі есебінен жабылған. Осы механизммен бүгінде 29,5 мың орындық 219 балабақша салыныпты.

Жалпы, мемлекет пен жекеменшіктің білім саласында, соның ішінде балабақшаға қатысты бірге жүзеге асырып жатқан жобалары жетерлік. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл 1,29 трлн теңгеге 565 келісімшартқа қол қойылған. Соның 9-ы республикалық, 565-і жергілікті деңгейдегі жоба болса, оның дені, яғни 300-ге жуығы білім беру бағытында. Алдағы уақытта сан-саланы қамтыған тағы 620 жоба іске қосылады және мемлекеттің қолдауынсыз дербес жұмыс істейтін жобаларға басымдық берілмек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу