Ұлттық қорғаныс университетінен кезекті офицерлер легі түлеп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қорғаныс университетінен кезекті офицерлер легі түлеп шықты

13.06.2019

Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен кезекті офицерлер легі түлеп шықты. Осылайша, 150-ден астам магистрант еліміздің Қарулы күштер корпусы, әскери құрама және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қатарын толықтырды. Үздік түлектерге дипломды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев табыстады.

 

Ұлттық қорғаныс универсиеті - Орталық Азиядағы ірі әскери оқу орны және ведомствоаралық оқу-әдістемелік орталығы саналады. Бүгінге дейін мұнда шұғыл-тактикалық әрі шұғыл-стратегиялық басқару бағытында 1,5 мыңнан астам әскери маманның білімі шыңдалған. Бұл дегеніміз - 50 ғылыми-педагогикалық кадр. Оның ішінде 6 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, тағы соншама PHD докторы бар.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу