Бейнебір орыс мектебіндегі шәкірттерге арналғандай. Себебі тапсырмалардағы мысалдар да сол тілде. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осы жағдайды сынға алып, Білім және ғылым министріне сауал жолдады.
Айталық, «Алматы» баспасынан шыққан математика кітабында ұлттық валютаны теңге деп жазудың орнына KZ деп келтірген. «Мектеп» баспасының 7-сыныбына арналған физика пәні оқулығында да олқылықтар жетіп артылады. Осы ретте депутат таңдаулы педагог мамандар, ұстаздар мен әдіскерлерден құралған білікті комиссия оқулықтарының өтпей қалып жататынына таңданыс білдірді. Ол бастауыш сыныптағы әдебиет пәні оқулығында тапсырма YouTube-тен берілгенін көріп, жағасын ұстағанын айтады.
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 4-сыныптың әдебиет кітабындағы тапсырмалардың бірі - YouTube-тан мультфильм көру керек екен. 20-шы бетте тұр. Оқушылар осыдан басқа пайдасыз, зиянды, қажетсіз ақпараттар алу мүмкін ғой. Сол сияқты тағы бір мысал, мәліметтер бойынша есеп құрастыру керек екен, тапсырмада «шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығын анықта» делінген. Мына кітап қолда тұр. О заманда бұ заман, велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ