ҰБТ-ны қайта тапсыруға құжаттар қабылданып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ны қайта тапсыруға құжаттар қабылданып жатыр

07.05.2019

Былтырғы жылғы колледж және мектеп бітірушілер үшін ҰБТ-ға құжат тапсыру мерзімі 3 күннен соң аяқталады. Яғни, 10 мамыр күні. Білім және ғылым министрлігінің мамандары осы санаттағы тест тапсырушылардан құжаттарын тезірек өткізулерін сұрайды.

Ал, қысқартылған мерзімге, яғни, колледжден кейін өз мамандығын жалғастырушылар ақылы негізде жоғары оқуға түскісі келсе, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтудің қажеті жоқ. Тек ЖОО-на құжат тапсырып, комиссияның емтиханын ғана тапсырады. Тағы бір жаңашылдық – IELTS, TOEFL сертификаты бар түлектер шетел тілінен тестілеуден босатылады.

Наужан Дидарбекова, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

- Ағымдағы жылдан бастап ҰБТ мен кешенді тестілеу бір процеске біріктірілді. Яғни, олар үшін құжат қабылдау мен тест тапсыру мерзімі біріктірілді. Құжаттар қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілсе, тестілеудің өзі 20 маусым мен 5 шілденің аралығында өткізіледі.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу