Алматыда озат оқушылар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда озат оқушылар форумы өтті

25.04.2019

«Жібек жолы бойындағы халықтың мәдени диалогы». Алматыда осындай атаумен озат оқушылардың форумы өтті.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қазір мектеп оқушылары да үлкен үлес қосып келеді. Шарада шәкірттер көпшілікке өнерлерін көрсетіп, тың жобаларын ұсынды. Жалпы, жеткіншектер оқу ошағының қабырғасында жүрсе де, әлем мен елдегі жағдайларды ой елегінен өткізетіндігін ашық айтты. «Сондықтан ешқашан олардың ойын шектемей, еркін сөйлеуге дағдыландыру - міндетіміз», - дейді ұстаздар. Себебі қазір ақпараттық технологияның дамыған кезінде білім берудің жаңа жүйесі де - осыған негіз.

Ботагөз Жайлыбаева, №5 мектеп-гимназиясының директоры:

- Форумға қатысушылардың барлығы дерлік мектеп оқушылары. Бұл форумның басты міндеті - оқушыларға Қазақстандағы этнос өкілдерінің құндылықтарын сақтау және олардың мәдениетін оқып-білу.

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу