Кореяның бірінші ханымы Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореяның бірінші ханымы Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті

22.04.2019

Ким Чжон Сук жастармен түрлі тақырыпта сұхбаттасып, олардың корей мәдениетіне қызығушылық танытуына алғыс білдірді. Сондай-ақ, Ким ханым қазақ студенттерін тіл үйренуге өз еліне шақырды. Мәртебелі мейман университет қабырғасындағы корея бұрышын көріп, аралады. Онда тарихы бай Шығыс мемлекеті жайлы сан түрлі қызықты жәдігер қойылған. Бірінші ханым жоғары оқу орнына сый ретінде корейлік авторлардың кітаптарын тарту етті.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу