Алматыда студенттер арасында республикалық видеооператорлар олимпиадасы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда студенттер арасында республикалық видеооператорлар олимпиадасы өтіп жатыр

18.04.2019

Дәстүрлі жарысқа биыл әр аймақтан операторлық өнер мамандығында оқитын студенттер қатысып жатыр. Қазылар құрамында жоғары оқу орындарының кәсіби оқытушылары бар. Енді олар екі күн бойы үміткерлер ұсынған авторлық туындыларды сараптайды. Ал, жеңімпаздарға «Тұран» университеті тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етіледі. «Мұндай байқаудың нәтижесінде мықты кадрлардың қатары көбейіп, отандық телевизияның сапасы артады», - дейді мамандар.

Қали Әбдиев, «Тұран» университетінің оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстар жөніндегі проректоры:

- Ең таңдаулы студенттер өзінің деңгейін көрсете алатындай жағдай жасауымыз керек. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу