Күләш Шәмшидинова: Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру - ысырапшылдық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күләш Шәмшидинова: Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру - ысырапшылдық

12.04.2019

Мектеп бітірушілердің кешіне қатысты Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың да пікірін білдік. Министр ата-аналарға әміріміз жүрмесе де, барлық мектептерге жыл сайын бұйрық шығатыны туралы айтты. Алайда бұдан әзірге нәтиже жоқ екенін мойындап отыр.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бұның барлығы ысырапшылдық. Мұның барлығы бізге де, ата-анаға да керек жоқ. Министрлік жылда басқармаларға, облыстарға хат жібереді. Ысырап жасамауларын сұраймыз. Бірақ ата-аналар өзіміз шешеміз деп жатады. Мектеп бітіру кешінен кейін балалар орынсыз автокөлікке мініп кетеді, табиғатқа шығады, қараусыз қалады. Сол кезде олардың қауіпсіздігін де қадағалауымыз керек.

Күләш Шәмшидинова білім саласындағы осы және басқа да мәселелерге қатысты ойын бізге кеңірек айтып беруге уәде берді. Сұхбатты келесі аптада тікелей эфирден көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу