Білім бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды

29.03.2019

Жарты жылға созылған республикалық білім бәйгесі өз мәресіне жетті. Сайысты жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын жүзеге асырған «EduStream» ұжымы ұйымдастырған.

Білім бәсекесіне еліміздің барлық өңірінен мыңнан астам мұғалім мен 300-ден астам оқушы қатысқан. Үздіктер 3 кезеңнен тұратын күрделі сыннан өткен. Жарыс талабы бойынша қатысушылар ағылшын тілінде бейнеролик түсіріп, онлайн тест түріндегі тапсырмаларды орындаған. Жүзден жүйрік шыққандардың бірі - Шұғыла Ғалиқызы. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жайылма мектеп-гимназиясының шәкірті. Шара барысында дарынды жас ұстазымен бірге бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бану Дәнебекова, химия-биология пәнінің мұғалімі:

- Осы жарысқа қатысу арқылы өзіміз сияқты әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, өзімізге қажетті көптеген мәліметтерді алдық.

Шұғыла Ғалиқызы, оқушы:

- Ағылшын тілін меңгерген кезде әлемдік ғылыми ақпараттарды, деректерді меңгере аласың.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу