Елімізде табиғатты ластамайтын коммуналдық-шаруашылық құбырлар пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде табиғатты ластамайтын коммуналдық-шаруашылық құбырлар пайда болуы мүмкін

16.03.2015
Елімізде табиғатты ластамайтын коммуналдық-шаруашылық құбырлар пайда болуы мүмкін

Мұндай озық технологияны австриялық мамандар ұсынып отыр. Қазақстандық және австриялық бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.

Мамандар көлік-логистика, машина жасау, мұнай-газ, энергетика, құрылыс, медицина саласы мен тағам өнеркәсібіне бірлескен жобаларды талқылады. Сондай-ақ, біріккен іскерлік кеңес барысында сауда және инвестициялық әріптестікті нығайту керектігі туралы айтылды.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу