Оған 120-дан астам үміткер қатысуда. Бұл Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жарыста ІТ саласында жетістікке жеткен жандар тәлімгерлерге технологиялар жөнінде ойларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Өзара бақ сынауға келген шәкірттер, мобильді қосымшалар мен түрлі сайт, тағы да басқа тың жобаларын ұсынды. Ал, байқау соңында ұйымдастырушылар жеңімпаздарға қомақты сыйлықтарды табыс етеді.
Бауыржан Қасымбергебаев, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:
- Ең дарынды балаларды өзіміздің университетке алып кетеміз. Осындай ойымыз бар. Мақсатымыз бар. Бірінші орын кім алады, біз грант береміз біздің университетте оқуға.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ