Ақылы негіздегі ҰБТ-дан оқушылардың 31 пайызы шекті деңгейден өте алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы негіздегі ҰБТ-дан оқушылардың 31 пайызы шекті деңгейден өте алмаған

24.01.2019

Ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңінде оқушылардың 31 пайызы шекті деңгейден, яғни, 50 балдық межеден өте алмаған. Биылдан бастап мектеп түлектері бұл сынақтан 4 мәрте өтуге мүмкіндік алды. Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ нәтижесімен тек ақылы бөлімге түсуге болады. Ал, мемлекеттік грант маусымдағы тестілеудің қорытындысы бойынша беріледі. 

Биыл ел мектептерінде 150 мыңға жуық жас түлек оқу бітіреді. Ал, қаңтардың 18-і мен 20-ы аралығында өткен алғашқы сынаққа олардың 35 мыңы қатысқан. Оқушылардың орташа нәтижесі 63 балды құрапты.

Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Қыркүйек айында оқуға түсер алдында 4 сертификаты болады. Ал, маусым айында грантқа өте алмаса, оған ақылы түрде түсуге мүмкіндігі бар.

Шерхан жАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу