Білім іздеген жастардың Семейден Сеулге жете алмауына не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім іздеген жастардың Семейден Сеулге жете алмауына не себеп?

08.01.2019

Оңтүстік Кореяға барып, білім аламын деген 20 студент орта жолдан кері қайтуға мәжбүр болды. Бір ай көлемінде шетелде білім алмақ болып, сапарға шыққан жастар шекарада кедергілерге тап болған. Осылайша, 17 студент қазір үйлеріне аман-есен оралса, үшеуі әлі жолда көрінеді. Білім іздеген жастардың Семейден Сеулге жете алмауына не себеп?

Семейлік жастар Оңтүстік Кореядағы Кюнгдонг университетіне барып, білімдерін тереңдетуі тиіс еді. Студенттердің барлық құжаттарын реттеуді шетелдік оқу орны өз міндетіне алған. Алайда, артынып-тартынып жолға шыққандар діттеген жеріне жете алмай орта жолдан кері қайтты. 

Радмир Байканов, студент:

Әуежайға келгенде, қиындықтарға тап болдық. Құжаттарымыз дұрыс болмай шықты. Неге бұлай болғандығы жайлы нақты жауаптарды әлі берген жоқ. Қазір осы мәселеге қатысты барлық жайт анықталып жатыр.

Анық болғаны, қазір Кореяда  миграциялық  талаптар күшейген. Семейдің Шәкәрім университетінің  өкілдері олқылық  Оңтүстік Кореядағы оқу орнынан кетті, деп отыр. Осыған дейін 30 дан астам студент  еш кедергісіз қатынап-ақ жүрген. Сол себепті бұл жолы да ешкім ешқандай тосқауыл болады, деп ойламаған.   

Марат Әбдікәрімов, Шәкәрім университеті ректоры кеңсесінің басшысы:

Бізге ресми түрде хабарласып, хат жіберіп серіктестеріміз. Толық шыққан студенттердің шығындарын, өз мойындарына алып отыр.

Әр студент Кореяға сапары үшін 300 мың теңге көлемінде қаржы шығындаған. Қазақстандық жастардың шығынын Кюнгдонг университеті толықтай қайтаратын болып келіскен. Виза қайта рәсімделген соң, 20 студент  жолға шықпақ. Осы жолы аттанған 23 студенттің тек үшеуі ғана Оңтүстік Кореяға бөгетсіз жеткен.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу