Алматы облысының Кеген ауданы балабақшамен 100 пайыз қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Кеген ауданы балабақшамен 100 пайыз қамтылды

14.12.2018

Тәуелсіздік мерекесіне орай ауданда тағы бір бөбекжай ашылды. Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген бұл нысан - Тұйық ауылындағы алғашқы балабақша. Осыған дейін ауылдағы 25 бала мектеп жанындағы шағын орталыққа баратын. Енді тағы 30 баланың балақшаға келуіне мүмкіндік туды. Сондай-ақ, орталықтан 10 адамға жұмыс табылды. Балабақша компьютер, интерактивті тақта, түрлі оқулықтар, интеллектуалдық деңгейді өсіретін ойыншықтармен жабдықталған.

Рсалды Таудырбекова, Кеген аудандық Білім бөлімінің басшысы:

- Аудан көлемінде бізде 3 мемлекеттік балабақша бар. Енді жекеменшік серіктестік негізінде қазір 7 мемлекеттік балабақша ашылып жатыр. 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылды.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу