Ата-аналарға лицензиясы жоқ балабақшаларға бармауға кеңес берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналарға лицензиясы жоқ балабақшаларға бармауға кеңес берілді

13.12.2018

12 жылдық білім беру жүйесі басталғаннан кейін жекеменшік балабақшаларға қиын болайын деп тұр. Себебі, балабақшадағы балалардың біраз бөлігі мектепке барып, олардың табысы азаймақ. Жеке балабақшалар қауымдастығы бұл мәселені бүгін Кәсіпкерлер палатасындағы жиында көтерді. Мәселені шешу үшін олар 2 жастағы балаларды да мемлекет есебінен субсидиялау бағдарламасына қосуды сұрап отыр. Мәселе заңды шешілмесе, бұл салада көлеңкелі бизнес дамымақ. Қазірдің өзінде 2 жастағы балаларды көпқабатты үйлердегі пәтерлерде ашылған заңсыз балабақшалар қабылдай бастаған. Олардың еш құжаты жоқ және тиісті талаптарға сай емес. Сондықтан да, әкімдік ата-аналарға абай болуды ескертті.

Ләззат Разбеков, Астана қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Білім басқармасының call-центрі бар. Соған хабарласып, жекеменшік балабақша туралы толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, Астана қаласының білім саласын бақылау департаменті де бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу