Оқушылар олимпиадалары енді онлайн режимде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар олимпиадалары енді онлайн режимде өтеді

06.12.2018

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар арасындағы олимпиадаларды өткізу процесіне жаңа технологияларды енгізеді. Бұл бәсекелестік пен білім сайыстарының сапасын арттырады. Бұл туралы бүгін дарынды оқшылармен кездескен Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты. Осылайша, алдағы жылдан бастап аудандық, облыстық және республикалық білім олимпиадалары онлайн режимде ұйымдастырылмақ. Оның нақты тәртіптері әзірге белгісіз.

Халықаралық және республикалық білім байқауларының жеңімпаздары мен министрлік басшылығының кездесуіне барлық өңірден 40-тан астам дарынды балалар жиналды. Олар мамандық таңдау мен білім жүйесіне қатысты пікірлерін ортаға салды.

Айта кету керек, қазақстандық озат оқушылар түрлі олимпиадалардан 11 мыңнан астам медаль алған. Оның 2 мыңнан астамы - алтын жүлде.

 Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Мектеп аралық, аудандық, облыстық білім сайыстарының қалай өткенін онлайн режимде тамашалауға болады. Осыны ескеріп, есепке аламыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу