Жоғары оқу орындарының басшылары жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарының басшылары жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өткізді

16.11.2018

Оқу орнының табыстылығы – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуымен бағалануы тиіс. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының ректорлары қатысқан мәслихатта осы тақырып сөз болды. Жалақысы жоғары жұмысқа орналасқан маман өз ісіне құрметпен қарайтыны анық. Сондай-ақ, ректорлар Жолдауда «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы білім сапасын жаңа биікке көтеретінін баса айтты. Ұстазын сыйлаған елдің ғана болашағы бар. Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі таңда жүргізіліп отырған саясаттың әлеуметтік салаға бағытталғандығын айқын көрсетеді. 

Шәріпбек Әмірбеков, Т. Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА ректорының м.а.:

- Ағылшын тілін оқытуды қолға алып жатырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу