Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына - 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына - 10 жыл

26.10.2018

Биыл Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл. Мерейтойға орай ұйымдастырылған «Жаңа дәуірдің мектебі» атты халықаралық жиынға 20 мемлекеттен делегат келді. Екі күн бойы болатын конференцияда 50-ден астам іс-шара өтеді. Онда білім жүйесіндегі өзгерістер, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту және олардың жан-жақты өркендеуі сөз болады. Қазір ел бойынша 20 зияткерлік мектеп бар. Оқушылар онда жаратылыстану-математика бағыты бойынша білім алады. 2010 жылдан бері 8 мыңға жуық түлек тәмамдаған. Халықаралық деңгейде білім беретін мекеме әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан. Яғни, шетелдік оқу орындары қазақстандық мектеп түлектерін өздерінде оқытуға мүдделі. Мамандардың айтуынша, Зияткерлік мектебінде оқитын жеткіншектерді терең біліммен қоса, саналы ұрпақ болып қалыптасуға тәрбиелейді.  

Нұрғали Елшібек, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры:

- Мен әр баладан алған жетістік сенікі, сен қандай пайда әкеліп жатсың деп сұраймын. Елге қызмет білімнен емес, мінезден дейді. Бізге білімді және өзінің мемлекетіне жауапкершілікпен қарайтын, оны әрі қарай қалай дамытуға болады деп ойлайтын балалар керек.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу