Әлемнің әр түкпірінде тегін оқуға мүмкіндік беретін 20 мың грант әлі күнге өз иесін таппаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің әр түкпірінде тегін оқуға мүмкіндік беретін 20 мың грант әлі күнге өз иесін таппаған

17.10.2018
Әлемнің әр түкпірінде тегін оқуға мүмкіндік беретін 20 мың грант әлі күнге өз иесін таппаған

Жалпы, ғаламданған қазіргі заманда білімді жастарға деген сұраныс арта түскен. 36 мыңдай қазақстандық жас Ресейде мемлекеттік грантпен оқып жатыр. Оған қоса, биыл шетелдік жоғарғы оқу орындары 20 мың грант ұсыныпты. Ал, келесі жылы ол сан 40 мыңға жетуі мүмкін. Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Президенті Жанболат Мелдешов осылай деді. Орталық басшысының айтуынша, бірақ әлемнің әр түкпірінде тегін оқуға мүмкіндік беретін 20 мың грант әлі күнге өз иесін таппапты. Көбіне, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия елдері және Ресейдің жоғарғы оқу орындары қазақстандық жастарды құшақ жая қарсы алуға дайын екен. Осы орайда жыл сайын елімізде мектеп бітіретін түлектер саны артып келе жатқанын айту керек. Биыл елімізде 297 мың бала мектеп бітірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Ал, 2025 жылға қарай түлектер саны 400 мыңға жетеді деген болжам бар.

Жанболат Мелдешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

-Сол гранттарды Қазақстан азаматтарына, түлектерге, магистратураға түсемін деушілерге таратумен проблема бар. Үміткерлер жетіспейді, келмейді, емтиханға қатыспайды. Біздің сайтымызда барлық ақпарат бар. Құжаттарды тапсыруға болады.

Хабарламаларға жазылу