«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды

03.10.2018

Астанаға елдің түкпір-түкпірінен мұғалімдер жиналды. Олар министрлік ұйымдастырған «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары.  Ұстаздардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға 7 жылда 31 420 мұғалім қатысқан. Биылғы білім сайысына қалалардан 4 мыңға жуық, ал облыстардан 700-ден аса үміткер педагог құжат өткізген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге көп.

Байқау қорытындысы бойынша 48 орта мектеп мұғалімі мен 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың кеуделеріне «Жылдың үздік педагогы» төсбелгісі тағылып, 2 жарым млн. теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Соңғы жылдары байқауға ауылдық мектептерден қатысушы мұғалімдер көбейген. Бұл аталмыш саладағы жаңартылған білім реформасының нәтижесі. 

Салтанат Досмағамбетова, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы \Павлодар облысы\:

- Бүгінгі күні мұғалімдердің жұмысы өте жақсы бағалануда.  Мұндай жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Мен ауылдық мектептен болғаннан кейін ерекше қобалжып тұрмын. Себебі, ауыл мектебінен үздік педагог атану деген ол - үлкен мәртебе.  

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу