Отандық ғалымдарға халықаралық сыйлық тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ғалымдарға халықаралық сыйлық тапсырылды

20.09.2018

Бір топ отандық ғалымдар «Ғылым көшбасшысы - 2018» халықаралық сыйлығының иегері атанды. Марапат алғандардың қатарында еліміздің жоғары оқу орындары мен Еуразия ұлттық университетінен шығатын екі ғылыми журналдың ұжымы да бар. Жаһандық жүлдені тағайындайтын Clarivate Analytics компаниясы бірінші кезекте жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғылыми мақалаларға мән береді. Биыл қазақ ғалымдары Web of Sciencе CoreCollection ғаламдық деректер базасына қаралымы жоғары 40-тан астам зерттеу материалын жариялаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 еңбекке көп. Сонымен, «Ғылым көшбасшысы -2018» сыйлығы  Юрий Пя, Рәтбай Мырзақұлов, Динара Бірімжанова, Ирина Иргибаева сияқты бір топ ғалымдарға берілді. 

Рәтбай Мырзақұлов, Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, «Ғылым көшбасшысы-2018» халықаралық сыйлығының иегері:

- Негізгі еңбегім Энштейн теориясы негізінде әлемді зерттеу. Сол еңбегім үшін беріліп жатыр. Негізінде әртүрлі салалар бойынша берілген. Менің еңбектеріме шетелдік ғалымдар ең көп сілтеме жасапты. 5000 сілтеме бар. Сол үшін беріп жатыр.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу