Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылданған тәлімгерлердің барлығы жатақханамен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылданған тәлімгерлердің барлығы жатақханамен қамтылды

31.08.2018

Биыл Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне 1800 тәлімгер қабылданып, олар 100 пайыз жатақханамен қамтылды. Бұл туралы оқу орнының Тәрбие және әлеуметтік мәселелелер жөніндегі директоры Жаңагүл Сердалықызы айтты. Оның сөзінше, студенттер медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана жатақхана алады. Себебі, олар мұнда түрлі спорттық үйірмелерге қатысады. Сондықтан, жұқпалы аурулар тарамау үшін әрбір студенттің денсаулығы жіті тексеріледі. Жалпы, білім ордасында 6000 студент білім игеріп жатыр. Жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 7 жатақханада 2954 орын бар.  

Жаңагүл Сұлтанова, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры:

- Тек қыздар ғана оқитын университет болғаннан кейін біз алдын ала тексеріс шараларын жүргіземіз. 2000-ға жуық студент қыздарымыздың барлығы толықтай жатақханамен қамтамасыз етілді. Орындарын алып, бүгінгі таңда өздерінің жұмыстарын жалғастырып жатыр.    

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу