Астанада «Burabay Forum» өз жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Burabay Forum» өз жұмысын бастады

08.08.2018

«Burabay Forum». Бұл бүгін елорда да осымен екінші рет шымылдығы түрілген жас ғалымдар форумының атауы. Шараға Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан ғалымдар келген. Биылғы форумда үш бірдей негізгі бағыт бойынша пікір алмасу көзделген. Ғалымдар ғылым, білім және туризм саласындағы байланысты кеңіте түсу жолдарын ұсынбақ. Шараның ресми ашылу салтанаты ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы қорының ғимаратында өтті. Жоспарға сай шара басқосу Оқжетпес тауының етегінде үш күн бойы жалғаспақ. Түс ауа шетелдік меймандар Бурабай демалыс аумағына аттанып кетті.    

Ермек Тоқтаров, С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы:

- Форумда 4 секция бойынша жұмыс істейміз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу