ҰБТ-ны қайта тапсыратындардан өтініш қабылдана бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ны қайта тапсыратындардан өтініш қабылдана бастады

30.07.2018

Төменгі шекті балл ала алмаған немесе түрлі себептермен тестілеуге қатыспаған үшін тамыздың 15-19-ы аралығында тестілеу өтеді. Сынақтан өткендер жоғары оқу орнына ақылы түрде ғана оқуға түсе алады. Сондай-ақ, түлектер осы күндері кешенді тестілеу тапсыра алады.

Өтініш қабылдау тамыздың 3-іне дейін жалғасады. Емтихан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде,  Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Тест тапсыру ақылы, 2242 теңге. Оны «Қазпошта» немесе «Халық банкінің» бөлімшелерінде төлеуге болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу