Шығыс Қазақстанда 38 мыңнан астам оқушы онлайн диктант жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 38 мыңнан астам оқушы онлайн диктант жазды

14.05.2018

«Әдеби Шығыс» атты байқаудың аясында өткізілген додада барлығы 38 мыңнан астам жасөспірім білімдерін сынады. Диктант мәтіні Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Федор Достоевский және жергілікті жазушылар шығармаларынан алынды. Білім аламанына жалпы білім беретін мектептердегі 8-10 сынып оқушылары түгел қатысты.

Негізгі мақсат - қазақ, орыс тілдері мен әдебиетке деген қызығушылықты әрі сауаттылықты арттыру. Игілігі мол шараны облыстық Білім басқармасы мен  өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бірлесіп өткізді. Диктант мәтінін облыстық драма театрының белгілі актерлары оқыды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Әдеби Шығыс» туристік бағыты бойынша мәдени-танымдық саяхатқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Гаухар Рахымжанова, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары:

- Жаппай диктант жазудың мақсаты -  өскелең ұрпақтың тіл мен әдебиетке қызығушылығын арттыру және сауаттылықты насихаттау. Диктантты үздік жазған оқушылар «Әдеби Шығыс» туристік бағыты бойынша мәдени-танымдық саяхатқа қатысады.

А.ДАЙРАБАЕВА

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу