IELTS дауын арнайы комиссия зерттейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IELTS дауын арнайы комиссия зерттейді

27.04.2018

IELTS сертификатына қатысты дау-дамайды арнайы комиссия зерттеп жатыр. Бұл туралы «Болашақ мамандықтары, кейінгі буын қандай бағдар ұстану керек» атты Халықаралық конференция барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов айтты. Жастардың көшбасшысы «жалған сертифbкат тапсырды» деп айыпталған әрбір студентпен кездесу өткізетінін жеткізді. IELTS сертификатына  қатысты мәселе бір ғана министрліктің емес, бірнеше мекемеге қатысты. Сондықтан, бұл оқиғаға қатысты жұмыс істеп жатқан комиссия құрамында мемлекеттік органдардан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар мен арнайы қызметтің өкілдері болуs керек деген де пікірін  айтты.

Асхат Оралов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Жастар саясаты департаментінің директоры:

- Арнайы комиссия құрылып, қазір оны зерттеп жатыр. Әлі шешім туралы талқылау мүмкін емес шығар. Керек болса, біз де жұмыс тобына кіруге дайынбыз. Күтпеген жерден осындай мәлімет шықты. Әлі шешім айтуға ерте. Yеге десеңіз, арнайы комиссия құрылып, тек мемлекеттік мекемелердің өкілдері емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысуы керек.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу