Ғылыми жобалар байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми жобалар байқауы басталды

14.02.2018

Еліміздің ең үздік жас ғалымдары Алматыға жиналды. Олар ғылыми жобалар байқауында бақ сынап жатыр.

4 бағыт бойынша ұйымдастырылған ғылыми сайысқа 18 мың баланың ішінен іріктелген 747 оқушы қатысуда. Қазылар алқасы үш күнде 600-ге жуық ғылыми жобаның ішінен тек үздік деген төртеуін іріктеп, анықтайды. Ал, жеңімпаздарға мамыр айында АҚШ-та өтетін халықаралық «Intel ISEF» байқауына жолдама беріледі.

Шолпан Қирабаева, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

 - Біз «Intel ISEF»-қа 2002 жылдан бастап қатысамыз. Жыл сайын біздің балалар диплом алып келеді.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу