Білім беруде ортақ стандарт керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беруде ортақ стандарт керек

09.02.2018

Елбасы жүктеген міндетті орындап, ауылда сапалы жұмыс істейтін жастардың санын арттыру қажет. Ол үшін Қазақстан бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде бірегей стандарт енгізілуі тиіс. Бүгін Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысында осы мәселелер талқыға түсті. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында адам да, қоғам да өзгерді. Сондықтан, білікті кадр даярлау өзекті мәселе. Қазіргі таңда еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі азайып келеді. «Әсіресе, солтүстік өңірлерде бұл құбылыс жиі байқалады», - дейді депутаттар. Сондай-ақ, экономикалық жағдайлардың әр түрлі болуы өңірлерде еңбекақы айырмашылығына алып келіп отыр.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу