Астанада білім беру саласының  ең озық қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада білім беру саласының  ең озық қызметкерлері марапатталды

25.01.2018

Бір ай бойы арнайы тағайындалған қазылар тобы  елорда мектептеріндегі білікті мамандарға баға берген. Олар «Үздік педагог» және «Үздік сабақ» аталымдары бойынша сынға түсті. Байқауға барлығы 118 мұғалім қатысып, өз бағын сынаған. Сайыс нәтижесі бойынша 43-ші орта мектептің бастауыш пән мұғалімі Гүлсара Рахымбаева ең «Үздік педагог» деп танылды.  Сондай-ақ, сабақ беруде жаңашылдығымен көзге түскен 18 маман марапатқа ие болды. Биылғы іс-шараның ерекшелігі мектеп музейлері де сынға түскен. Оған қатысу үшін барлығы 9 мұражай өтінім берген.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу