Депутат Бақытгүл Хаменова Білім және ғылым министрінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Бақытгүл Хаменова Білім және ғылым министрінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды

17.01.2018

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменова Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа осындай депутаттық сауал жолдады. Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапар барысында  ғалымдар мен ұстаздармен кездескен. Биылғы оқу жылынан бастап «География» деген атаумен жаңа оқулық енгізілген. Ал, «Қазақстан географиясы» жоқ. Депутат Білім және ғылым министрінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды. «Сағаты болғанымен, ешқандай бұйрықсыз ауыстыра салынған «Қазақстан географиясы» пәнінің атауы оқу бағдарламасында сақталуы тиіс»,-  деді ол өз сауалында.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне берген мәлімдемесінде министр Ерлан Сағадиев аталмыш мәселеден бейхабарлығын танытса, министрліктен алынған ресми жауапта «Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан географиясы» пән ретінде емес, оқу бағдарламасы» есебінде ғана қаралған деген жауап алдық. Басшылықтың жауабы осындай  түсініксіз болса, жаңа  оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтың шикілігі де айқын ба дерсің.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу