Мажарстан қазақстандық үміткерлерге 200 білім грантын бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мажарстан қазақстандық үміткерлерге 200 білім грантын бөледі

20.12.2017

Бұл - екі ел арасындағы келісімшарт негізінде атқарылып жатқан жұмыс. Үміткерлер келесі жылдың 23-ші ақпанына дейін барлық құжатын өткізулері керек. Жобаға Білім және ғылым министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығы жауапты. Білім гранттары бакалавриат, магистратура, доктарантура бойынша беріледі. Оқу ағылшын және венгр тілінде жүргізілмекші. Министрліктің сайты арқылы оқу шарттарымен танысып, жоғарғы оқу орындары мен мамандық түрлерін таңдауға болады. 

Ақерке Абылайхан, ҚР БҒМ Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары:

- Оқу құны тегін, шәкіртақы алады. Бакалавр мен магистратура 300 еуро көлемінде, доктарантура 450 еуроға дейін. Жатақханамен қамтамасыз етіледі. Медициналық көмек көрсету жағы да Мажарстан тарапынан төленеді. Жол шығынын студент өзі төлейді.

Хабарламаларға жазылу