Елімізде  бастауыш сынып оқушыларына «жасыл» сабақ өткізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде  бастауыш сынып оқушыларына «жасыл» сабақ өткізіле бастады

28.11.2017

Елімізде 2 мен 4-сынып аралығындағы 1 млн-нан астам оқушыға жалпыұлттық ашық сабақ өткізіле бастады. «Экологиялық мәдениет, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен коммуналдық үнем» жаңадан енгізілген «жасыл» сабақтың басты тақырыбы. Бұл - ЭКСПО көрмесінде де кеңінен көтерілген мәселе. Енді соның жалғасы іспетті балаларға судың да сұрауы барын, электр қуатын үнемдеуді және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, «жасыл» технологияны қолдау анимациялық роликтер арқылы түсіндірілді. Шәкірттерді мұндайға баулу - әлемде бар тәжірибе. Мәселен, Финляндияда оқушылар арасында «жасыл» мектепке барып тұрады екен. Оқу құралын жазып шығуға психология мен методология мамандары атсалысқан. 

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

- Ресми статистика бар. Қазіргі кезде ішіп жатқан тұщы суымыз 50%-ға дейін түсіп кеткен екен. 50% ащы суымыз бар. Қазір тепе-тең болып тұр. Бірақ, болашақта дефицитке кіріп кетеміз. Сондықтан, оны қазірден бастап қолға алу керек. Олар үйлеріне барып ата-аналарына өздерінің мысалдарын айтып, көрсетіп, нақты құралдар арқылы енгізбесек, алдымызда үлкен мәселе болады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу