Ашxабадта алғаш рет Қазақстанның білім күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашxабадта алғаш рет Қазақстанның білім күндері басталды

13.11.2017

Республиканың үздік 20 оқу орны жетістіктерімен бөлісіп, түркімен жастарын бізден тәлім алуға шақыруда. Осылайша, еліміз дүниежүзінде озық саналатын отандық білім жүйесі жайлы мағлұматтармен бөлісіп жатыр. Шараны ұйымдастырушы - Қазақстанның Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Бүгін Түрікменстан астанасы Ашxабадтағы Қазақстанның білім күндерінің ашылу салтанатына қатысып жатырмыз. Шара аясында Түрікменстандағы Көлік және байланыс институтының қабырғасында көрме ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары, студенттер келген. Біздің мамандар университет туралы айтып, сұрақтарына жауап беріп жатыр. Қандай мақсатта өтіп жатқанын ХБО президентінің орынбасарынан сұрап көрдік.

Зүлфия Төребекова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті:

- Біздің саламыз өте қызықты, тартымды болып отыр. Біршама жетістіктеріміз бар. Бұл шара бір-біріміздің кем-кетігімізді біліп, тың теxнологияларды үйретеді. Көрме өте пайдалы деп есептейміз.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Халықаралық бағдарламалар орталығы, Түрікменстанның өкілдері қатысып, сөз сөйлеп, көрмені өткізгеніне алғыс білдірді. Жалпы, шара ертең де жалғасады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу