Екідеңгейлі кәсіби білім беру қолдауға ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екідеңгейлі кәсіби білім беру қолдауға ие

08.11.2017

Екідеңгейлі кәсіби білім беру - сапалы маман даярлаудың кепілі. Бүгін Сауда-экономикалық колледжінде осындай атаумен дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген шараға Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты. Жиынға келгендер білімге инвестиция салу идеясын қолдады. Олардың пікірінше, кәсіби және техникалық білім тәжірибемен тығыз байланыста болу қажет. Осы орайда, колледже оқу-тәжірибелік зертханалар да ашылды. Атап айтсақ, «Маркетинг» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарына арналған оқу-тәжірибелік зертханалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Аталмыш жоба колледждің әлеуметтік серіктестерінің көмегінің арқасында жүзеге асырылып отыр.  

Мырзабек Күжімов, Қазтұтынуодағы сауда-экономикалық колледжінің директоры:

- Түбінде біздің балалар нарықтық жұмысқа шыққан кезде олар сескенбей, жұмыс берушілерге өздерін дұрыс көрсете алады. Қолдарынан келетін істі көрсете алады. Мұнда теориядан гөрі тәжірибе көбірек. Соған қатты көңіл бөліп отырмыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу