Еуразиялық заң академиясына - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық заң академиясына - 25 жыл

30.10.2017

Алматыдағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ашылғанына - 25 жыл. Жылына 1000-нан астам заңгер даярлайтын еліміздегі беделді оқу орнынан осы жылдар ішінде 30 мыңға жуық түлек шыққан. Олардың дені қазір еліміздің құқықтық саласында маңызды қызметтерді абыроймен атқарып жүр. Білім ошағында бүгінде 2000-нан астам студент сапалы білім алып жатыр. Академия соңғы уақытта дуалды оқыту бағдарламасын жүйелі түрде жолға қойып, жастардың тәжірибесін арттыру үшін түрлі әдістемелер енгізуде.

Өмірәлі Қопабаев, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры:

- Осы 25 жылда көп жетістікке жеттік. Өздеріңіз көріп отырсыздар, 12 қабаттық ғимаратымыз бар. Қазір жанында 12 қабаттық жатақхана салып жатырмыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу