Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуде

20.10.2017

Жамбыл облысындағы іргелі оқу орны, қасиетті қара шаңырақ - Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуде. Білім ордасына бүгін университет мәртебесі берілді. Мерекеге орай бүгін оқу орны қабырғасында ашылған музей, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залы мен ректорлар аллеясы салтанатты түрде таныстырылды. Сондай-ақ,  «Заманауи білім беру тенденциялары: болашаққа көзқарас» атты бірінші халықаралық ғылыми конгресі өтті. Тағы бір тарихи сәт – жастарға арналып жазылған «Болашаққа хат» капсуласы мемориалды тақтайшаның астына бекітілді.

Бұдан соң жиналған жұртшылық білім шаңырағының даму кезеңі туралы деректі фильмді тамашалады. 1967 жылы негізі қаланған оқу ордасына алғашқыда 400 студент қабылданса, қазір 6000-ға жуық жас білім алуда. 

Дәрия Қожамжарова, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:
- Оқу орны мемлекетке қажетті мықты кадр ұстаздарды тәрбиелеуді басты миссиясы етіп, ел алдындағы негізгі міндеттерді абыроймен атқаруда. 50 жылдық тарихында 37000 түлекке сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, ұлт зиялыларының қатарында ұлағатты ұстаздардың көбеюіне үлес қосты. Солардың ішінде бүгінде облыстағы 450 мектептің 200-ге жуығының директорлары біздің түлектеріміз екенін мақтанышпен айтқымыз келеді.

Хабарламаларға жазылу