Назарбаев зияткерлік мектептері республикалық эко-велофестиваль ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев зияткерлік мектептері республикалық эко-велофестиваль ұйымдастырды

03.10.2017

Ауқымды шараға 4 мыңнан астам оқушы, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Бұл шеруден  Семейдегі физика-математика бағытындағы білім ошағы мен қаладағы 30-дан астам мектептің өкілдері де шет қалмады. Олар велосипедпен 5 шақырым қашықтықты бағындырып, экология мен адам денсаулығы үшін велосипедтің әлдеқайда пайдалы екенін көрсетті. Фестивальге БҰҰ Даму бағдарламасы қолдау көрсетті. Сондай-ақ, ұйым Назарбаев зияткерлік мектептеріне 440 велосипедті тарту етті. Оның 21-і Семейдегі білім ошағына табысталды. 

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу