Астананың үздік білім беру мекемелері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың үздік білім беру мекемелері анықталды

28.09.2017

Олар - оқыту, тәрбие беру және қоғамдық жұмыстарға ерекше көңіл бөлген оқу орындары. Марапат 5 номинация бойынша үздік балабақша, мектеп, қосымша және арнайы білім беру мекемесіне табысталды.

Шара барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар министрлік тарапынан  «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық білім беру стандарттарын енгізуде ауқымды жұмыс жүргізген 19 алдыңғы қатарлы мектепке сыйақы табысталды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу