Қостанайда болашақ полиция офицерлері ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда болашақ полиция офицерлері ант қабылдады

25.09.2017

Осылайша, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алушылар саны биыл 250 жаңа есіммен толықты. Тарихы сонау 1971-ші жылдан бастау алатын академия Ішкі істер қызметкерлері мен қылмыстық атқару жүйесінің кәсіби мамандарын, педагог-психологтарды даярлайды. Мұнда курсанттар толық мемлекет қамқорлығында болып, 4 жыл тегін білім алады. Оқу біткен соң, жүз пайыз жұмыспен қамтылады. Осындай орасан зор мүмкіндікке ие академияның табалдырығын жаңа аттаған тыңдаушылар салтанатты түрде ант қабылдады. Шараға офицерлер құрамымен қатар, курстанттардың ата-аналары да қатысты.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу