Елімізде діни білім беру қатаң бақылауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде діни білім беру қатаң бақылауға алынады

21.09.2017

Бұл жерде әсіресе, жастар тәрбиесіне мемлекет үлкен назар аударады. Бұл туралы бүгін осы тақырыпқа арналған республикалық конференцияда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір тиісті заңдарға өзгерістер енеді. Құжат желтоқсан айында Парламентке жіберіледі. Жаңа нормаларға сәйкес, кез келген азамат шетелде өз бетінше білім алуға бармайды. Арнайы сараптамадан өткеннен кейін тек мемлекеттік жолдама арқылы ғана білім алуға аттанады. Бұдан басқа, еліміздегі барлық білім беру нысандарына да бақылау күшейеді. Өйткені, балабақшалардың өзінде діни білім беру, оқыту жұмыстары бойынша түрлі фактілер тіркелген.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу