Назарбаев Университетінің ұжымы екі бірдей Халықаралық жүлдеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университетінің ұжымы екі бірдей Халықаралық жүлдеге ие болды

13.09.2017

Бұл туралы Халықаралық жобалардың дүниежүзілік қауымдастығының конгресінде айтылды. Оқу ордасы соңғы жылдары әлемде жүзеге асқан үздік әлеуметтік жобалар аталымында екінші орын алса, медицина мектебін құру идеясы орта деңгейлі жобалар аталымында үздік деп танылды. Ширек ғасырға жуық тарихы бар Халықаралық жобалар қауымдастығы Университеттің ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін толық зерттеген.

Қазір университетте 4500 студент пен ғылыми қызметкер бар. Айта кету керек, университет алдағы уақытта халықаралық әріптестікті арттыра түспек.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу