Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы жалпыға бірдей білім беру мекемелеріне енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы жалпыға бірдей білім беру мекемелеріне енгізіледі

22.08.2017

Биылдан Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы еліміздің жалпыға бірдей білім беру мекемелеріне енгізіле бастайды. Бұл туралы аталған білім ордалары қызметкерлерінің тамыз конференциясында айтылды. Әзірге пилоттық жоба Қазақстанның 30 мектебінде тәжірибеден өтеді деп жоспарланып отыр. Жаңа әдістің мүмкіндігін шалғайдағы ауыл балалары да сынап көретін болады. Инновациялық әдістемелер негізінде құрылған озық бағдарлама төменгі және орта буын оқушыларына арналған. Осыған орай, мұғалімдер, мектеп директорлары мен білім басқармаларының мамандары оқытылды.

Хабарламаларға жазылу