Астанадағы ЖОО ақылы бөлімге түсу де қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ЖОО ақылы бөлімге түсу де қиын

15.08.2017

Жоғары балл бола тұра, Астанадағы оқу орындарына түсу қиын. Себебі, талапкерлердің басым бөлігі бас қалаға ағылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Министр мәселені көп кешікпей Үкімет деңгейінде шешу керектігін ұсынып отыр. Себебі, елордадағы жоғары оқу орындарында студенттерге орын жетіспейді. Мысалы, Астанадағы медициналық университеттің ақылы бөліміне түсу үшін талапкердің кемінде 90-100 баллы болуы керек. Сондықтан да, бұл мәселе тиісті реттеуді қажет етеді. Мәселені шешу үшін биылдан бастап өңір әкімдеріне заңды түрде грант тағайындауға мүмкіндік берілген. Министр әкімдерге бұл мүмкіндікті пайдаланып, өңірдегі оқу орындары мен жергілікті талапкерлерді қолдауды сұрады. Айта кету керек, бүгінгі Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу