Мемлекеттік гранттар саны 1487-ге көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік гранттар саны 1487-ге көбейді

14.08.2017

«Алтын белгі» иегерлері үшін қосымша грант бөлінді. Яғни, мемлекеттік грант саны 4 процентке көбейді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Гүлзат Көбенова мәлім етті. Қолданыстағы заң бойынша «Алтын белгі» иегерлері артықшылық құқығына сәйкес гранттармен қамтылуы керек. Сол себепті, республикалық комиссия аталған санаттағы абитуриенттерге университтердің, Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрлігінің қаржысы есебінен грант бөлу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, грант саны 1487-ге көбейді. Ал, келесі жылдан мемлекеттік грант тек ҰБТ балымен, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, ауылдық квота бойынша және өзге санаттарға ғана бөлінеді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу