Алматылық Саят Тасан ҰБТ-де ең жоғары 139 балл жинаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық Саят Тасан ҰБТ-де ең жоғары 139 балл жинаған

30.06.2017

Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеуде республика бойынша ең жоғары балл жинаған оқушы анықталды. Ол - алматылық Саят Тасан. Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының түлегі ең жоғары 140 балдан 139 жинаған. Бір ғана сұрақтан мүлт кеткен оқушымен тілшіміз кездесіп, оның қандай сұрақ екенін біліп қайтты.

Саят сынды жұртты таң қалдырған талантты оқушының бірі - Абзал Мырзаш. 12 жасар жасөспірім мектепті экстерн түрінде бітірді. Тіпті, ол Ұлттық бірыңғай тестіден де 117 балл жинады. Енді, «Вундеркинд» бала жақында қалаған жоғары оқу орнының студенті атанады.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу