ОҚО-да ҰБТ-дан 2776 бала шекті балл жинай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да ҰБТ-дан 2776 бала шекті балл жинай алмады

29.06.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында 25 оқушы бірыңғай ұлттық тест сынағынан ең жоғары балл жинады. Биылғы сынаққа өңірдегі мектеп оқушыларының 74 пайызы қатысты. Олардың орташа балы - 74,8. Бұл - өткен жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Мектеп түлектері тест сынағын 4 лекпен облыстың 16 жерінде тапсырды. Оның төртеуі жоғары оқу орындарының базасында жасақталған. Бұл жолы да білім сынынан сүрінгендер болды. Тест қорытындысы бойынша сынаққа қатысқан оқушылардың 13 пайызы шекті баллды жинай аламаған. Ал, 3 оқушы  ереже бұзғаны үшін тестілеуге қатыстырылмады. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу