Таразда  «Үздік тәлімгер жарқын болашаққа бастайды» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда  «Үздік тәлімгер жарқын болашаққа бастайды» атты байқау өтті

24.05.2017

«Үздік тәлімгер жарқын болашаққа бастайды». Таразда осындай тақырыппен мектепке дейінгі білім беретін  ұйым меңгерушілері арасында байқау өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары ұйымдастырған шараның мақсаты - мектепке дейінгі ұйым басшыларының білім беру жүйесіне қосқан үлесін көрсету мен жаңа әдістемелерді анықтау. 100-ге жуық балабақша меңгерушілері қатысқан шарада тәрбиешілер өз еңбектерін ұсынып, көпшілікке таныстырды. Онда басқару тәжірибесі мен балаларды басқару жүйесіндегі мәселелерді шешудің сауаттылық деңгейі ескеріліп, үздіктер анықталды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу