Білім және ғылым министрлігі алдағы 3 жылда орыс сыныбында оқитын 500 мың балаға қазақ тілін үйретпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрлігі алдағы 3 жылда орыс сыныбында оқитын 500 мың балаға қазақ тілін үйретпек

09.03.2017
Бүгін Жолдаудағы міндеттерді іске асыру тетіктері жөнінде баяндаған ведомство басшысы Ерлан Сағадиев осылай деді. «Ол үшін орыс мектептеріндегі оқу бағдарламасы ептеп өзгереді. Жаңа әдістер енеді. Басымдық теория емес, практикаға беріледі», деді министр.

Ерлан Сағадиев сондай-ақ, өзін жұмыс барысында қысым көрсетіп, қудалады деп айыптаған Ғылым комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Ләззат Құсайынованың «Білім және ғылым министрі қызметке өз командасымен келді», - деген мәлімдемесі шындыққа мүлдем жанаспайды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу