ҰБТ: Бірінші күні 2277 оқушы межелі балды ала алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ: Бірінші күні 2277 оқушы межелі балды ала алмаған

03.06.2016
ҰБТ: Бірінші күні 2277 оқушы межелі балды ала алмаған
Бүгін Білім және ғылым министрлігі алғашқы болып тест тапсырған түлектердің нәтижелерін жариялады.

Бірінші күні сынаққа барлығы 18 мыңға жуық оқушы қатысты. Ел аумағында 44 пункт жұмыс істеп, түлектерді таңғы сағат 9-дан бастап қабылдады.

Тестілеудің бірінші күні 2277 оқушы межелі балды ала алмаған. Оқушылардан 8522 дана рұқсат етілмеген зат алынды. 4 түлек тесттен шеттетіліп, нәтижелері есепке алынбады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу